Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының бас полицейі тікелей эфирде халықпен жүздесті

Серік Кудебаев Алматы облысының тұрғындарын тікелей эфирде қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Кудебаев әлеуметтік желіде онлайн қабылдау өткізіп, тұрғындар көтерген түйткілді мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Өңірдің бас полицейімен тікелей эфирде тілдескен Сарқан ауданының тұрғыны Ж. Есіркенова тамыз айында ауласынан қолды болған велосипедті тауып, күдіктіні құрықтаған жедел уәкіл Асқар Ратов пен учаскелік полиция инспекторы Мұқан Абылайдың еңбегін ерекше атап өтті.

– Жоғалған дүниеміз табылды. Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Балама қуаныш сыйлағандарыңыз үшін рахмет! – деді өз сөзінде жәбірленуші.

Әрбір өтініш бойынша тиісті қызмет басшысын тыңдаған С.Кудеаев тиісті тапсырмалар беріп, келесі онлайн кездесу барысында арызданушыға есеп беру қажеттілігін атап өтті.

– Проблемасы болмаса тұрғындардың полицияға хабарласпайтыны анық. Әр мәселе бойынша толыққанды шара қабылдамасақ, полицияға деген қандай сенім болады. Сондықтан проблемалық сұрақтарды зерделеп, арыз иелерімен хабарласып, проблема болса, шешу жолдарын қарастырыңыздар. Келесі кездесу барысында бүгін берілген тапсырмалар бойынша есепті тыңдаймын,- деді апта сайын өтетін дәстүрлі онлайн кездесуін қорытындылаған  Серік Кудебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру