Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейі “Жетісу бөрісінен” жүлделі орынды иеленді

Алматы облысының полицейі “Жетісу бөрісінен” жүлделі орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Александр Касачев Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылында өткен “Жетісу бөрісі” додасында 2-орынды иемденді.

Александр Касачев 2015 жылдан бастап ІІО қатарында қызмет ақарады. Қызметінде де үздік полицей жастайынан спортпен айналысады. Бүгінде ол дзюдодан, қазақша күрестен спорт шебері.

– Қазақстан полициясы мықты, күш-жігерлі болуы керек. Бала күнімнен спортпен айналысып келемін. Спорттың арқасында көп жетістікке жеттім. Қызметімде де үздік болдым, – дейді ЖҚАЖ инспекторы Александр Касачев.

“Қазақстан барысы” турнирінің облыстық іріктеуі кезінде үздік үштіктің қатарынан көріну кез-келген палуанның оң жамбасына келе бермейтін жетістік. Аталған жарыста әр аудан мен қаладан барлығы 20-дан астам палуан қатысқан. Алдағы уақытта Александр республикалық “Қазақстан барысы” додасында өнер көрсететін болады. Түйе палуанның белдескенді жығып, жеңіс тұғырына жететініне сенімдіміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру