Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері 12 жасөспірімді уақытша оқшаулау орталығына орналастырды

Алматы облысының полицейлері 12 жасөспірімді уақытша оқшаулау орталығына орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының аумағында жоспарлы түрде 24-26 наурызда өткізіліп жатқан “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасының аясында полицейлер екі күн ішінде 468 құқық бұзушылықты анықтаған.

– Профилактикалық әңгіме жүргізу және әкімшілік хаттама толтыру үшін полиция органдарына 400 астам жасөспірім жеткізілді. 468 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Қолайсыз отбасылар есебіне 32 отбасы қойылды, – деді облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы Медет Құнанбаев.

Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, 30 материал балалар құқығын қарайтын арнайы комиссияның қарауына жолданған. Ішкі істер органдарының арнайы есебіне 49 жасөспірімді алған тәртіп сақшылары, екі күн ішінде 12 жасөспірімді уақытша оқшаулау орталығына жеткізген.

Балалар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу және оларды қорғау мақсатында өткізілетін жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс полицейлері 700 астам мекеменің қызметін тексерген. Оның ішінде мейрамханалар, компьютерлік клубтар мен сауда орындары бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру