Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Грузиядан келген “ұры” ұсталды

Жедел іс-шаралар барысында Алмалы ауданының полицейлері қоғамдық орындарда қалта ұрлығымен айналысқан ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған 1985 жылы туған Грузияның К.есімді азаматы, Алматыға қылмыстық іс-әрекеттер арқылы жеке баюы үшін келген.

– Ол хостелдерде бөлмелерді жалға алып, ол жерде екі күннен артық тұрмаған. Ол адамдар көп шоғырланған жерлерде жалғыз өзі жүрген: сауда орталықтарында, бизнес орталықтарында, дүкендерде және т.б. Күдікті барлық қалта ұрылары сияқты ептілікпен және жәбірленушілерге байқатпай қалталарына немесе сөмкелеріне бағалы заттарды алу үшін қолын сұққан. Қазіргі уақытта ұсталған адамның бөтеннің мүлкін ұрлауының үш эпизоды дәлелденді. Олардың көп болуы мүмкін деп ойлаймыз, оның басқа да мүліктік құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Шетелдікке қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы – ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру