Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасының көзін жойды
Алматы облысының полицейлері тағы бір есірткі зертханасының көзін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бағыт бойынша патрульдеу жүргізу кезінде Іле ауданының ЖПҚБ ППР 209 бортының қызметкерлері Mitsubichi автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан 25 канистр химиялық сұйықтық табылды.
– Тергеу іс-шарасы барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері Іле ауданының КПБ-мен бірлесіп, тыйым салынған заттарды дайындаған 29 жастағы күдіктіні әшкерелеп, Междуреченск ауылына жақын маңдағы шаруа қожалығының аумағында орналасқан есірткі зертханасын анықтады. Ұсталған адамның зертханасынан шамамен 1500 литр прекурсор тәркіленді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Іле ауданының ПБ-ға тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалды, күдікті қамауға алынды.