Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері ІІО-да есепте тұрған 6 мыңнан астам адамды тексерді

Алматы облысының полицейлері ІІО-да есепте тұрған 6 мыңнан астам адамды 10 күн ішінде тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІО-да есепте тұрған алты мыңнан астам адамды Алматы облысының полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде тексерді.

Бұл туралы облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мұрат Қалиасқаров мәлімдеді.

– Іс-шара өту барасында бұрын жасалған 50 қылмыс ашылды, оның ішінде 1-і қасақана кісі өлтіру, іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды, оның ішінде ағымдағы жылы іздестірілгендер – 10, өткен жылы іздестірілгендер – 4 қылмыскер, “Нелегал” есебінде тұрған 16 тұлға, есірткі құралдарын сақтағаны үшін 10 күдікті тұлға, атыс қаруын алып жүргені үшін 7 тұлға және суық қаруды алып жүргені бойынша 5 тұлға ұсталды, – деп мәлімдеді М.Қалиасқаров.

Облыс бойынша 10 күн ішінде барлығы 10282 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 328 тұлға, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде болғаны үшін 673 тұлға, көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін 57 жүргізушіге, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы дерегі бойынша 4 жүргізушіге, жаяу жүргіншілердің ЖЖЕ бұзғаны үшін 3099 азаматтарға әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Қабылдау-тарату орнына 144 адам қамалды, уақытша бейімдеу және интоксикация орталықтарына – 33 адам қамалды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері елді мекендерді, әкімшілік учаскелерді және саяжай массивтерін патрульдеуге көп көңіл бөлді.

– Мұндай жедел-профилактикалық іс – шаралар құқық бұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында жүргізіліп жатқанын еске саламыз, – деп толықтырды М.Қалиасқаров.

https://studio.youtube.com/video/DGzrFMwn248/edit

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру