Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тергеу изоляторында тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Алматы облысының тергеу изоляторында тактикалық оқу-жаттығулар кешені ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінде арнайы тактикалық оқу-жаттығу кешені өткізілді. Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары, сондай-ақ жоспарға сәйкес әрекет ету дайындығы тексерілді.

Өзара іс-қимыл жасасудың бірлескен жоспарына сәйкес ЛА-155/16 мекемесінің әкімшілік ғимаратын қорғауға Талдықорған қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет орталығы, сонымен қатар Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті атсалысты.

 – Тергеу изоляторының жеке құрамы қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, ұсыныстар әзірленеді, – деп атап өтті мекеме бастығы Арнай Абрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру