Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері Есентай өзенінің арнасын тазартты

Алматы полицейлері Есентай өзенінің арнасын тазартты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Таңғы 08:00-ден 590 тәртіп сақшысы Есентай өзенінің арнасын тазалауда. Бұл бастаманы ІІМ Алматы академиясының қызметкерлері де қолдады.

– Алматы полициясының қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы сенбілік деп аталатын шараны ұйымдастыру бастамасын бірауыздан қолдап, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға үлес қосты. Біз туған қаламызды жақсы көреміз және оның әрбір тұрғыны оған пайдасын тигізуі керек, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шарада 17 каскадты тазарту жоспарланған. Су қоймасының төсемін тазалауға жүк тиегіш, экскаватор қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру