Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды

Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күні ішінде “ізін суытпай” 11 қылмыс ашылды. Сондай-ақ мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 40 ұсақ бұзақылық фактісі, 200 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу дерегі, 51 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды. Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады.

Оның айтуынша, Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тіркеді. Олар визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған.

– Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды, – деді М.Айтуғанов.

Еске сала кетейік, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың 9-11 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру