Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері есірткі қойып кетушілерді ұстады

Алматы полицейлері тұрғын үйлердің бірінде есірткі қойып кетушілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары олардан 40 бума марихуананы тәркіледі.

– Патрульдік экипаж Кемел шағын ауданында екі күдікті жас жігітті байқап қалған. Жеке тінту кезінде олардың бірінен өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Ұсталғандар – 2002 жылы туған К.есімді азамат және 1999 жылғы Ж.есімді азамат. Олар тауарды сату үшін алып, тұрғын үй аумағында бетбелгілер жасағанын айтты. Интернет арқылы олар “жұмыс берушіге” жасалған жұмысы туралы баяндап, суреті мен геолокациясы бар мекенжайды жіберіп отырған, – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Жедел қызметкерлер есірткінің сатылу тізбегін және жеткізу арнасын қадағалауы керек. Тергеу барысында ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру