Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері төрт қалта ұрысын қолға түсірді

Алматы полицейлері төрт қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен мереке күнінде қоғамдық орындарда адамдардың көп шоғырланатынын жақсы білетін қалта ұрылары қарап отырмаған тәрізді.

– Алматы арбатында бөтеннің қалтасынан Samsung телефонын жымқырған 37 жастағы М.есімді азаматты жедел уәкілдер қолға түсірді. Ал бұл уақытта қаланың орталық саябағында бұрын сотты болған 34 жастағы Б.есімді азаматша өзінің сіңілісімен өзгенің IPhone телефонын ұрлаған. Қазіргі таңда аталған екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ ұсталған күдіктілердің осы іспеттес өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Тәркіленген телефондар айғақ зат ретінде тіркелді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру