Алматы полицейлері заңсыз айналымнан 95 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі
Алматы полицейлері заңсыз айналымнан 95 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың алты айында шаһарда 305 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде есірткі сатудың 76 дерегі.
Заңсыз айналымнан 212 келіден астам есірткі құралдары тәркіленді.
Атап айтқанда, 94 келі 750 грамм синтетикалық есірткі, 69 келі 205 грамм гашиш, 48 келі 719 грамм марихуана және т.б.
Алматы полициясы жыл басынан бері синтетикалық есірткі жасайтын ірі есірткі зертханасын жойды.
Еріктілер мен белсенді азаматтардың арқасында есірткінің таралуы туралы ақпараты бар 4 748 граффити боялды.