Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Діни мазмұнда тыйым салынған материалдарды таратқан атыраулық тұрғынға айыппұл салынды

Діни мазмұнда тыйым салынған материалдарды таратқан атыраулық тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс бойынша заңсыз діни материалдардың таралуы және сатылуының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Рейдтік іс-шара барысында 28 жастағы қала тұрғыны өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына діни мазмұндағы Құран сүрелері мен заңсыз діни ағымдағы аудио жазбаларын жүктегендігі анықталды.

Белгілі болғандай, азамат діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды желі арқылы таратқаны анықталды, яғни ҚР-ның діни қызметін және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған.

Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлімінің 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, сот шешімімен оған 107 205 тенге мөлшерінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта азаматтың әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасының қызметі 3 айға тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру