Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 4 кәмелетке толмаған бала пробация есебінде тұр

Петропавлда 4 кәмелетке толмаған бала пробация есебінде тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының пробация қызметі тұрақты негізде кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Қазіргі уақытта қаланың пробация қызметінің есебінде 4 кәмелетке толмаған құқық бұзушы тұр. Есепте тұрғандардың бірі ҚР ҚК 106-бабы – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеген. Әрқайсысына ерекше бақылау жүргізіледі, ата-аналармен профилактикалық әңгімелесулер, психологиялық сипаттағы әңгімелесулер жүргізіледі, тұрғылықты жері мен оқу орны бойынша тексерулер ұйымдастырылады. Міндетті түрде оқытушылар құрамы мен оқу орындарының қызметкерлерінен мінездемелер іріктеледі. Олардың әрқайсысы түзеліп, қайтадан өз елінің үлгілі азаматы болуға тырысады.

Айта кету керек, бүкіл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің есебінде кәмелетке толмағандардың төртеуі ғана тұр, бұл кәмелеттік жасқа толмаған адамдар арасында қылмыстарды алдын алудың тиісті деңгейін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру