Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан полицейлер 800-ден астам қаңғыбасты қабылдап-тарату орнына жеткізген

Жыл басынан полицейлер 800-ден астам қаңғыбасты қабылдап-тарату орнына жеткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының ПБ қабылдап-тарату орнының қызметкерлері күнде тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды жинап әкету бойынша рейдтер жүргізеді. Бұл қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша жүргізілетін жұмыстың бір бөлігі. Назар аударатын аймақтар – тұрғын үйлердің жер төлесі, жылу трассаларының құдықтары, кәріздер, қоқыс тастайтын жерлер, базарлар мен қаланың сапаржайы. Жыл басынан полицейлер белгілі тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды қабылдап-тарату орнына 865 рет жеткізген. Оларды қабылдап-тапсыру орнына жеткізіп, фотоға түсіреді, саусақ іздерін алады, із-түзсіз жоғалғандардың және қылмыскерлерді іздестіру тізімдері бойынша тексереді. Құжаттары жоқтарды жеке тұлғасын анықтағанға дейін қабылдап-тапсыру орнына орналастырады. Қаңғыбастар полицейлер өзара іс-қимыл жасайтын Әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметімен пайдалана алады. Айта кететіні, қазіргі уақытта орталық мамандары РФ азаматшасына жоғалған құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетуде. Алайда тәжірибе көрсеткендей, тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар өз өмірін өзгертуге тырыспайды.

– 7 ай ішінде 123 белгілі тұрақты мекенжай жоқ адам есепке қойылды. Олардың жартысы 30-дан 44-ке дейінгі жаста. Бұдан басқа, ҚР 235 азаматы “қаңғыбастыққа бейім тұлға” санаты бойынша есепке қойылған. Барлығының тұлғасы анықталып, саусақ іздері алынды, “Образ++” деректер базасындағы фото-бейне есебіне қойылды, – дейді Петропавл қаласының ПБ қабылдап-тарату орны бастығының міндетін атқарушы Мейрам Тоқпаев.

Полицейлер белгілі тұрақты мекенжай жоқ тұлғалар тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтамаудың барлық мәселелері бойынша қабылдап-тарату орнының кезекші бөліміне 8 (7152) 52-92-89 немесе 102 нөмірі бойынша хабарлау қажеттігі туралы еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру