Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері арнайы көліктің жүруіне кедергі келтіретін жүргізушілерді анықтауда

СҚО полицейлері арнайы көліктің жүруіне кедергі келтіретін жүргізушілерді анықтауға бағытталған рейдтер жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, жедел жәрдем, полиция – адамдардың өмірі мен денсаулығы бұл қызметтердің жедел әрекетіне байланысты. Полицейлер қайғылы оқиғаны тек жедел қызметтерге уақтылы жүгіну ғана емес, автокөліктің кедергісіз өтуі де болдырмайтынын атап өтті.

ҚР Жол жүрісі ережелерінің 6 бөлігіне сәйкес жарқылдауық маягі және дыбыстық сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындау кезінде басқа қозғалысқа қатысушылардың алдында басымдыққа ие. Алайда, олар өздеріне жол берілгендігіне көз жеткізуі тиіс. Жарқылдақ маягі іске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде олардың кедергісіз өтуі үшін жүргізушілер оларға жол беруі тиіс. Өрт сөндірушілер және құтқарушылар оқиға орнына тек уақтылы келіп қана қоймай, құрал-жабдықты жедел іске қосуы керек.

Медицина қызметкерлері үшін әр секунд бағалы. Көлік құралдарының жүргізушілері және жаяу жүргіншілер бұны естен шығармай, көше мен үй аулаларында оларға кедергі келтірмеуі тиіс.
Патрульдік полицейлер облыс орталығының көшелері бойынша кенеттен рейдтерді өткізу тәжірибесін жалғастыруда. Рейд қорытындылары қала жүргізушілері көп жағдайда тәртіпті сақтайтынын және бұзушылықтар көлік иелері мен жаяу жүргіншілердің Жол жүрісі ережелерінің жақсы білмеуінен орын алып жататынын көрсетті.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы (Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу) бойынша ескерту көзделмеген. Бұзушыға жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Егер әкімшілік жаза салынғаннан кейін бұзушылық бір жылда қайта жасалған жағдайда, айыппұл он бес АЕК-ке дейін өседі.

Жыл басынан облыс орталығының жолдарында арнайы қызметтердің автокөліктерінің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру