Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы 10 адамды алдап кеткен алаяқты ұстады

Алматы полициясы 10 адамды алдап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы 24 жастағы жергілікті тұрғын Б.есімді азамат ерекшеленді. Ол таныстарына тұтыну тауарларын несиеге сатып алуды ұсынды және көп ұзамай оның көмегінің арқасында бұл несиенің жойылатынына уәде берді. Ал сатып алынған затты сәйкесінше өзіне алды.

– Б.есімді азаматтың қылмыстық қулығына 10 адам түсіп қалды. Құрбандардың бұл саны қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөліміне сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша шығып тұр. Шын мәнінде жас жігіттің несиені өшіруге мүмкіндігі болмады, ол алаяқтықпен айналысқан. Қазіргі уақытта басқа ықтимал алаяқтық эпизодтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты біз осы адамның әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 298-52-80; 298-52-81 және 298-52-82, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру