Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ер адамды құтқару іс-шарасы түсірілген кадрларды жариялады

Алматы полициясы ер адамды құтқару іс-шарасы түсірілген кадрларды жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, өз-өзіне қол жұмсамақ болған алматылық азаматты патрульдік полиция қызметкерлері аман алып қалды. Қала тұрғындарының дабыл белгісіне бірінші болып “Буран-317” экипажы жауап берді.

– Сағат 19:00 шамасында Сүйінбай даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз ер адам секіргісі келетіні туралы қоңырау келіп түсті. Біз оқиға орнына үш минутта жеттік. Әріптесім екеуміз ер адамды мұндай әрекетке бармауға көндіре бастадық, – деді ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкері Құдайберген Тоғжанов.

Ал полиция қызметкері Санжар Әбдірайымов уақыттың санаулы болғанын нақтылады.

– Ол көпірдің қоршауынан асып тұрды. Бізден алыстай берді, өзін жөнсіз ұстады. Біздің сұрақтарымызға жауап бермеді. Біз оның назарын аударып, сөйлесіп, оны қоршаудың арғы жағынан шығару үшін оған қарай жақындадық. Сол кезде басқа әріптестеріміз төменде, жолдың бойында болды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ер адам секіріп кететін болса, ауыр жарақат алмас үшін жүк көлігін көпірдің астына әкеліп қойды. Бір кезде біз оны ұстап үлгердік. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз оны қауіпсіз жерге алып шықтық, – деді Әбдірайымов.

Кейін белгілі болғандай, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам мас күйінде болған. Қызымен ұрысып қалғанын, өмірдің мәнін бірден жоғалтқанын айтады.

Сонымен қатар патрульдік полиция қызметкері Санжар Әбдірайымов екінші рет адамдарды көпірден түсіріп жатқанын хабарлаймыз.

Ол алғаш рет 2015 жылдың қараша айында Қабдолов пен Саин көшелерінің қиылысындағы жол айрығында көпірден секірмек болған қыздың өмірін сақтап қалған.

Осы батыл да игілікті ісі үшін тәртіп сақшысы мемлекеттік марапатқа ие болды. “Ерлігі үшін” төсбелгісі 2016 жылы Отан қорғаушылар күні қарсаңында Санжар Әбдірайымовқа табыс етілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру