Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы карантин талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Алматы полициясы азаматтар арасында карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полиция қызметкерлері арнайы мониторингтік топтардың құрамында карантиндік стандарттардың сақталуы бойынша тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

«Біріншіден, біз бетперде режимін сақтау туралы айтамыз, ол бүгінде азаматтарды қорғаудың ең негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер карантин талаптарын сақтауды мүлдем тоқтатқан: олар медициналық бетперделерді шешіп, қонаққа барып жүр, қолдарын және үйлерін антисептикпен тазалауды ұмытқан. Ал бұл коронавирустық инфекцияның таралуына әсер ететін тікелей факторлар, инфекцияның қолайлы ортасы болып табылады. Осыған байланысты азаматтардың жаппай демалу орындарында және қоғамдық көліктерде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Полиция қызметкерлері, эпидемиолог қызметкерлер және аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен құрылған ондаған мобильді топ өз жұмыстарын жалғастыруда», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары  Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты және карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

«Бұл Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі. Әрқайсымыздың қауіптің сейілмегенін және қорғаныс құралы инфекцияның таралуын барынша азайтуға көмектесетінін түсінуіміз маңызды.  Қандай да бір себептермен бетперде режимін сақтамайтын азаматтар үшін инспекторлар медициналық бетперде кию керектігін еске салып, бетперде ұсынады. Мұндай жұмыс барлық жерде жүргізіледі», – деп қорытындылады Нұрлан Алмасбеков.

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру