Алматы полициясы көлік иелеріне балалардың жолда фараларын жууға жол бермеулеріне шақырады
Алматы полициясы көлік иелеріне балалардың жолда фараларын жууға жол бермеулеріне шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы ауданының аумағында ювеналды полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі мен патрульдік қызметтің қызметкерлерімен кешенді жедел-алдын-алу іс-шарасы жүргізілуде.
– Әлеуметтік желілерді бақылау барысында бірқатар адамдар кәмелетке толмағандарға автокөлік фараларын жуғаны үшін төлемдер ұсынады. Алайда, ауданда кәмелетке толмағандардың қатысуымен мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Іс-шара кезінде полиция қызметкерлері қымбат көлік жүргізушілерінің фараларын сүрткен кәмелетке толмағандарды анықтады. Көптеген автокөлік жүргізушілері балаларды бұлай ақша табуға үйреніп, бірінші кезекте балаларды қауіптер мен жарақаттарға, соның ішінде психологиялыққа да ұшыратады, – деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаменті Баспасөз қызметі.
Қаланың көшелерінде балалардың жарақаттануын болдырмау мақсатында мән-жайды анықтау үшін кәмелетке толмаған тоғыз баланың заңды өкілдері полицияға жеткізілді.
– Осыған байланысты қалай полициясы жүргізушілер мен ата-аналарды кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесіне тиісті назар аударуға шақырады. Қала жолдарының жүріс бөлігінде автокөлік фараларын жуу қызметтеріне жол бермеңіз, – деп хабарлайды, Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі.