Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы көп балалы отбасыны қолдады

Алматы полициясы көп балалы отбасыны қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресте алдыңғы қатарда бола отырып, игі істер туралы ұмытпайды – мұқтаж адамдар үшін уақытша қиындықтарды жеңуге көмектесу.

– Біздің бөлімнің қызметкерлері төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған көп балалы әйелге көмектесуге шешім қабылдады. Бұл отбасыны ювеналды полицияда жақсы таниды: әйелдің үлкен ұлы – ерекше жасөспірім, мінезі күрделі, кейде анасын тыңдамайды, сондықтан біз баламен уақытында профилактикалық әңгіме жүргізу үшін бұл отбасын бақылауда ұстаймыз. Бірақ отбасы, жалпы алғанда, жақсы, олардың заңмен қиындықтары болған жоқ. Олар біздің ауданның тұрғындары, жеке сектордан бөлме жалдап тұрады. Бұл жерде балалар үй тапсырмасын орындайтын және ұйықтайтын бір кішкентай бөлме және ас үй бар. Төрт баланың үшеуі мектепте оқиды. Әйел аз ақша табады және бұл ақша күнкөріске мүлдем жетпейді. Оның мәселелері туралы біліп, біз көмек көрсету туралы шешім қабылдадық: отбасыға қажетті азық-түлікті сатып алып, оларға апарып бердік, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Полиция қызметкерлерінің келуі Динара мен оның балалары үшін жағымды тосын сый болды. Ол өз кезегінде полицияға алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру