Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы нашақорлықты насихаттаған суретшілерді ұстады

Алматы полициясы нашақорлықты насихаттаған суретшілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жұпты Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасындағы әріптестерінің көмегімен ұстады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ғимараттардың қасбеттеріне есірткі жарнамасы бар граффитиді салып жатқан жұп ұсталды. 34 жастағы қала тұрғыны 29 жастағы серігімен бірге ұсталды. Олардан бояуға арналған баллондар мен есірткі сататын орындардың мекенжайларын жазуға арналған трафареттер табылды және тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру