Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жоғалған 20 қойды иесіне қайтарды

СҚО полицейлері жоғалған 20 қойды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аққайың ауданында еркін жайылымда жүрген 20 бас қой жоғалған. Шағын жеке шаруашылық үшін бұл айтарлықтай шығын болған.

13 қыркүйек күні қой иесі қойларды отбасымен бірге өз күшімен іздеген, кешке аудандық полиция бөліміне жүгінген екен. ПБ қызметкерлері қылмыстың орын алу мүмкіндігін тексеру үшін оқиға орнына келген. Мал ұрлығының басым көпшілігі малдың еркін жайылымда жүрген кезінде орын алып жатады.

14 қыркүйек күні таңертең тәртіп сақшылары жоғалған қойларды ауылдан бірнеше километр жерде астығы жиналған егіс алқабынан анықтаған. Қойлар қайтарылды, қой иелері полицейлерді және бейжай қарамайтын ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

– Алдын алу мақсатында малдың еркін жайылымда жүргені үшін қой иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бос жүрген малдар ұрылардың олжасына айналуы мүмкін. Бұдан бөлек, кей кезде қараусыз жүрген мал жолға шығып, ауыр жол-көлік оқиғасына себепші болуы мүмкін. Ауданда осындай оқиғаларды болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Әкімшілік жауапкершілікке тарту – бұзушылықтың қайта жасалмауына ықпал етеді, нәтижесінде ауыл тұрғындары малды қараусыз жібермеуге тырысатынын атап өткен жөн. Профилактикалық жұмыс жемісін берді: ағымдағы жылы ауданда мал ұрлығының бірде бір фактісі тіркелген жоқ, – деп атап өтті аудандық ПБ бастығы Руслан Сапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру