Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полициясы аспанға оқ атқан ер адамға қатысты түсініктеме берді

Жамбыл полициясы аспанға оқ атқан ер адамға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері өз тойында аспанға қарудан оқ атты деген ақпарат тараған болатын. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу барысында оқ атқан азаматтың 28 жастағы уақытша жұмыссыз, Тараз қаласының тұрғыны екендігі анықталып, оның полиция қызметкері еместігі және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс жасамағаны белгілі болды.

Оқ атылған Сайга аңшы мылтығы заң жүзінде осы азаматтың атына тіркелгені және 2021 жылдың 1 маусымында оны алып жүруге рұқсат берілгені анықталды. Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Күдікті сот шешімімен үй қамаққа алынды.

ВИДЕО МҰНДА

Оның кінәсі дәлелденген жағдайда үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру