Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы спорт залдарында ұрлық жасап жүрген жігітті ұстады

Алматы полициясы спорт залдарында ұрлық жасап жүрген жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол тек спорт залдарында бөтеннің мүлкін ұрлауға маманданған.

– Келушінің атын жамылған жас жігіт мекемелердің киім ауыстыратын бөлмелеріне кіріп, адамдар қалдырып кеткен құнды заттар мен ақшаны ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын. Қазіргі уақытта тергеу бөлімі ұсталған азаматтың осыған ұқсас алты эпизодқа қатыстылығын анықтады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру