Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ұрланған мүліктің 7 ірі сатып алушысын ұстады

Алматы полициясы ұрланған мүліктің жеті ірі сатып алушысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бөтеннің мүлкін ұрлау барлық қылмыстардың басым бөлігін алады.

– Өткен жылы департаментте арнайы тергеу-жедел топтары құрылды, олардың міндеті тек бір бағыт – бұл ұрлықтарды ашу. Ұрланған заттар сатылатын сауда үйлерінде және қаланың базарларында іс-шаралар жүргіземіз. Осы жұмыстың нәтижесі ұрланған мүлікті сатып алған жеті ірі сатып алушыны қылмыстық жауапкершілікке тарту болды. Ұрланған құнды заттардың көп мөлшері тәркіленді, оның ішінде 800 ұялы телефон, 100 дана ноутбук иелеріне қайтарылды, – деді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар Алматы полициясы басшысының айтуынша, ұрлықтың алдын алу үшін бірқатар іс-шаралары жүргізілуде.

– Қалалық мобильділік басқармасымен бірге қаладағы барлық қоғамдық көліктерге бақылау камералары орнатылды. Төрт ай ішінде қалта ұрлығы үш есеге азайды. Ұрлықтың алдын алудағы тиімді шаралардың бірі – дабылды және бақылау камераларын орнату. Халық арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар үйлеріне дабыл қағу мен бақылау камераларын белсенді түрде орната бастады. Бұл ұрлықтардың жалпы қылмыс санындағы үлесін 70%-дан 40%-ға дейін төмендетуге және ашылу деңгейін жартысына жуық жақсартуға мүмкіндік берді, – деді Қ. Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру