Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының қоғамдық көмекшілері 18 млн теңгеге ынталандырылды

Алматы полициясының қоғамдық көмекшілері 18 млн теңгеге ынталандырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы шаһар ПД басшысы халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

– Әсіресе, қалалық полицияның қоғамдық көмекшілерінің, сондай-ақ немқұрайлы қарамайтын азаматтарымыздың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Олардың көмегінің арқасында қылмыстың беті ашылып қана қоймай, құқық бұзушылықтың алдын алуға зор үлес қосылып отыр. Мәселен, өткен жылы полицияға көмек көрсеткен 520 полицияның қоғамдық көмекшілерін 18 миллион теңгеге марапаттадық. Мысалы, қала тұрғыны Ұлан Салаватовтың арқасында ұзақ уақыт бойы есірткіні жасырып таратумен айналысқан адамдар тобы әшкере болды. Қаламыздың қоғамдық тәртібіне бей-жай қарамайтын осындай белсенді азаматтардың көбейгенін қалаймын. Өйткені, құрметті тұрғындар, сіздердің қатысуларыңыз және қолдауларыңызбен ғана біз көшелеріміз бен аулаларымызда тәртіпті қалпына келтіре аламыз. Сіздердің қолдауларыңызбен біз қаламызды қауіпсіз етеміз, – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, Алматы полициясы қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күресу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру