Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының қызметкерлері электронды кітапханаға қол жеткізді

Алматы полициясының қызметкерлері электронды кітапханаға қол жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Электронды кітапхананың және М. Есбұлатов атындағы ҚР ІІМ-нің Алматы академиясында Ахмет Байтұрсынов атындағы залдың салтанатты ашылуына Алматы қаласының полиция басшысы Арыстанғани Заппаров қатысты.

Еліміздегі ең ірі шаһардағы тәртіп сақшылары академияның 300 мыңнан астам ғылыми және оқу басылымдары, оқу-әдістемелік құралдары мен көркем әдебиеті бар бай кітапхана қорына қол жеткізді. Кітаптың электронды нұсқасы – практикалық қолдану үшін ең қолжетімді және ыңғайлы.  Енді құпия сөз алған кез келген алматылық полицей кітапхана қорын пайдалана алады.

Сонымен қатар, цифрлық кітапхана академия студенттері, магистранттар, докторанттар, оның ішінде қашықтықтан оқитындар, сондай-ақ біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатқан қызметкерлер үшін таптырмас көмекші болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру