Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласынан шыға беріске 17 блок-бекет қойылды

Алматы қаласынан шыға беріске 17 блок-бекет қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қойылған блок-бекеттерде бір уақытта шамамен 100 тәртіп сақшысы қызмет атқарады. Ең көп блок-бекет Қарасай ауданында, нақты айтқанда сегіз орынға қойылды. Іле ауданында – 6, Талғар ауданында – 3 орында бекет орнатылған.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің аумағында төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полицияның жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне көшірілді. Полицияның басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта департамент тарапынан коронавирустық індеттің алдын алу және оның таралуына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Өткен тәулік ішінде блок-бекет жұмысына жұмылдырылған қызметкерлер 3 266 көлікті тексерген. 19 наурыздан, яғни карантин енгізілгелі бері 23 000 көлік тексеруден өтті”, – деді Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Кудебаев.


Облыс орталығы Талдықорған қаласы маңына да 4 санитарлық бекет қойылды. Жақын күндері қалаға 8 064 көлікке мінген 20 мыңнан астам жолаушы кірген. 21 наурыздан бері бекеттерден 21 371 көліктің өткені анықталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабының талаптарын бұзған 26 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Құрметті жерлестер, ең алдымен Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бағытталған ішкі істер органдарының әрекеттері мен шараларына түсіністікпен қарауды сұраймын. Сонымен қатар төтенше жағдай тәртібін қатаң сақтауға, әлемдік деңгейдегі індетпен күресте және оның алдын алуда полицияның және өзге де қызметтің талаптарын орындауға шақырамын. Ең бастысы – Сіздің денсаулығыңыздың кепілі болатын – санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігін ескертемін”, – дейді облыстың бас полицейі Серік Кудебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру