Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 1,5 млн доза синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қойылды

Алматыда 1,5 млн доза синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Алматыда полицейлер 468 есірткі қылмысын әшкерелеп, 132 есірткі сату дерегінің жолын кесті.

– Заңсыз айналымнан 715 келіден астам есірткі, оның ішінде 117 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам синтетикалық есірткінің 1,5 миллионнан астам дозасын таратудың жолын кестік. Сонымен қатар “синтетика” шығаратын 7 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі қоймасын ұйымдастырудың 2 дерегі және есірткі өсімдіктерін өсірудің 5 дерегі анықталды. Есірткіні байланыссыз, интернет арқылы, электронды төлемдерді қолданумен тарату үрдісі өзекті мәселелердің бірі екендігіне ерекше назар аударамын. Өткен жылы қала аумағында 68 есірткі қойып кетуші ұсталды, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ Алматы полициясының басшысы жедел уәкілдер, есірткі тарату және жарнамалаумен айналысатын 590 интернет-сайтты анықтағанын айтты. Олар туралы ақпарат одан әрі бұғаттау үшін “Кибернадзорға” жіберілді. Еріктілермен бірге есірткінің таралуы туралы ақпараты бар 8537 граффити-жазу табылды және жойылды.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды заңсыз жарнамалағаны үшін ҚК-нің 299-бабы 1-1-бөлігімен 8 адам жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру