Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 100-ден астам шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған

Алматыда 100-ден астам шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылғы 19 маусым мен 25 маусым аралығында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында қала аумағында “Заңсыз келуші” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

– Іс-шараның бірінші күні көші-қон заңнамасын бұзушы 141 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде шетел азаматының саны – 109. Сот шешімімен 13 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін қабылдаушы 29 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 3 жұмыс берушіге айыппұл салынды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 70 шетелдік орналастырылды, –  деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар баяндамашының айтуынша, іс-шара барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырудың бір дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру