Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткілік масаң күйде көлік басқарған Шымкент тұрғыны 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды

Есірткілік масаң күйде көлік басқарған Шымкент тұрғыны 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізу барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Назарбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

Көлік құралын тізгіндеген ер адамның әрекеті полицейлердің күдігін тудырды. Тексеру барысында көліктің ішінен қағазға оралған кептіріліп, ұсақталған есірткі өсімдігі және ұнтақталған синтетикалық есірткі салынған 2 дана гриппер-пакет анықтады.

Медициналық куәландырудың нәтижесі 24 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын растады.

Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) хаттама толтырылды.

Сәйкесінше, азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу жайты бойынша Қаратау АПБ-ның анықтаушылары тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру