Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда апаттық жағдайды туындатқан кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды

Алматыда апаттық жағдайды туындатқан кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында жол ережесін бұзудың өрескел деректерін анықтады.

– Осы кезеңде төрт көліктің жүргізушілері анықталды және жауапкершілікке тартылды. Олар – Lada көлігінің жүргізушісі, Д.есімді азамат (ҚР ӘҚБтК-нің 535-бабы 1-бөлігі), Hyundai көлігінің жүргізушісі, Ж.есімді азамат, (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі), Lada көлігінің жүргізушісі, К.есімді азамат, (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі) және Lada автокөлігінің жүргізушісі К.есімді азамат, (ҚР ӘҚБтК-нің 535-бабы 1-бөлігі). Тексеру шаралары жалғасып жатыр. Оның нәтижесінде басқа тәртіп бұзушыларға шара қолданылады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру