Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД-да екі айдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел кеңесінде 2023 жылдың екі айындағы өңірлік полиция жұмысының қорытындысы шығарылды. Оған ПД басшылығы, басқармалар мен бөлімдердің бастықтары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық және әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтері басқармаларының бастықтары баяндама жасады. Облыстық полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдұлдинов интернет-алаяқтық фактілерін ашу және алдын алу бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аудару қажеттілігін атап өтті.

Бұл әсіресе көктайғақ пен маусымаралық кезеңге қатысты. Осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырмалары бейінді басқармалардың, аудандық бөлімдердің бастықтарына, сондай-ақ қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының командирлеріне берілді.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов шетелдік автомобильдерді заңдастыру барысы туралы баяндады. Бұл жұмыс облыста жолға қойылған: әкімшілік полицейлер жергілікті жерлерде ғана емес, әлеуметтік желілерде де жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін аталған тақырып бойынша кеңес алу үшін полицияның процессингтік орталығының Call-орталығына 8 (7152) 32-00-22 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау жөніндегі жұмыс туралы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов баяндады. СҚО ПД бастығы облыстың шекаралас аудандарында: Ақжар, Мамлют және тағы басқа осы желі бойынша бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейтуге нұсқау берді. Бұдан басқа қалалық полиция басқармасының басшылығына облыс орталығының аумағында қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша жұмыстарды жандандыруға қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру