Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында көлігінің жүксалғышынан ақбөкеннің ұшасы табылған браконьерлер анықталды

Ақмола облысында көлігінің жүксалғышынан ақбөкеннің ұшасы табылған браконьерлер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8 наурыз күні Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Охотзоопром аумақтық инспекциясының және В.И. Вернадский ҚҚ қорықшылық қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Астана қаласының 56 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Surf автокөлігін тоқтатқан.

Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде полицейлер басы кесілген ақбөкеннің ұшасын, Сайга иір ойықты ұзын ұңғылы мылтықты, ТОЗ-8-01 иір ойықты ұзын ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі винтовканы тапты.

Аталған факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, табиғатты қорғау заңнамасы, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы, заңсыз балық аулау және ағаш кесу саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 24 ақпаны мен 13 наурызы аралығында Ақмола облысының аумағында “Браконьер” жедел–профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру