Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда атыс қаруы тәркіленді

Алматыда жігіттің көлігінен атыс қаруы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны алғашқы тергеу амалдары барысында анықталғандай, 2000 жылы туылған С.есімді жігіт сақтап және тасымалдап келген. Оның көлік құралы – “Тойота Корола” маркалы автокөлігі қаланың Алатау ауданында тоқтатылды.

– Таңғы бес шамасында “Ақбұлақ” ықшамауданындағы Доспанова көшесінде “Буран-027” патрульдік экипажы, жүргізушінің әрекеті күдікті болып көрінген көлікті байқады. Полицияны көрген ол, басты көшеден қуыс көшеге бұрылып кетуге тырысты. Көлік тоқтатылды. Оның салонында жүргізушіден басқа 19-20 жастағы тағы бес жас жігіт болды. Көлік құралын тексеру кезінде екі мылтық және патрондары бар жауынгерлік тапанша табылып, тәркіленді. Жедел-тергеу тобы қаруды тәркілеп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберді, қорытындысында оның қайсысы қандай екендігі және қандай да бір қылмыста қолданылғандығы белгілі болады, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің командирі Айтжан Әлмұханбетов.

Спикердің айтуынша, “Тойота” көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары Алатау аудандық Полиция басқармасына сот талқылауына жеткізілді, онда бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру