Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда автокөлік трафигі төмендеді

Алматыда автокөлік трафигі төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуірдегі “Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі” аппараттық-бағдарламалық кешенінің талдауы қаланың негізгі көшелері бойымен көліктердің қозғалысы едәуір төмендегенін көрсетті.


Сонымен, сағат 08.00-ден 09.00-ге дейін барлық бағыттар бойынша бейнебақылау камераларымен тіркелген көліктер саны 4 мың 162 құрады (АШАЖ, Райымбек-Саин, Сейфуллин-Жансүгіров, Төле би-Розыбакиев).


11 наурыздағы осыған ұқсас уақыт аралығында аталған аймақтардағы көлік саны 19 мың 546 құрады.


Сонымен қатар, полиция қалада 26 тосқауыл бекеттері ұйымдастырылғанын еске салды. Барлығы, бір тәулікте, қала бойынша жүруге арналған құжаттардың бар-жоғына 6 мың 470 автокөлік тексерілді. Түсіндірме және алдын-алу шараларын қолдануды ескере отырып, бүгінгі күні азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру