Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бұрын істі болған азамат тұрғынды тонап кеткен

Алматыда бұрын істі болған азамат тұрғынды тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тонау жасады деген күдікпен 21 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Қылмыс Медеу ауданында, ШААЖ және Ульяновская көшелерінің қиылысында болған. Белгісіз біреу әйел адамға физикалық күш қолданып, оның  iPhone телефонын ашық түрде иемденіп, сол арқылы оған 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін айтты.

– Жәбірленушінің сөзіне қарай, күдіктінің фотороботы жасалды, оны жасау үшін бейнебақылау жүйелері де көмектесті. Күдікті ұсталды. Бұл – 2003 жылы туған С.есімді азамат. Жас жігіт өзінің істегенін мойындады. Ол бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ұсталған адамның жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Медеу ауданы ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру