Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ер адам бөтеннің көлігін ұрлап кетті

Алматыда ер адам бөтеннің көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Subaru Impreza автокөлігінің ұрланғаны туралы дабыл Бостандық аудандық Полиция басқармасына 10 тамызға қараған түні түскен. Өтініш берушінің айтуынша, ол бірнеше минут қана болмаған. Алайда қаскөйге өзінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін уақыт жеткілікті болды.

– Жедел бөлімшенің қызметкерлері қаланың бейнебақылау жүйелерінің көмегімен көлікті тез тапты. Күдікті ұсталды. Бұл – жергілікті тұрғын, 29 жастағы М.есімді азамат. Айтпақшы, ұсталған ер адам бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. М.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Алматы полициясы мүлікті ұрлау мен көлік ұрлығын болдырмауға көмектесу үшін бірнеше ұсыныстар берді:
– кілттерді ешқашан көлікте қалдырмаңыз;
– құжаттар мен құнды заттарды көлікте қалдырмаңыз;
– дабылды орнатыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру