Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткіге қарсы “Немқұрайлылық танытпа!” науқаны басталды

Алматыда есірткіге қарсы “Немқұрайлылық танытпа!” науқаны басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полицейлері “Жастар саясатын дамыту” мемлекеттік қорының еріктілерімен бірге 21-23 мамыр аралығында қалада “НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Немқұрайлылық танытпа!” жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

– Оның мақсаты – азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске тарту. Бұл есірткі саудасының алдын алуға бағытталған қадам. Бұл іс-шара құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге, сондай-ақ қоғамның есірткіге тәуелділік мәселесіне мейірімді қатынасын қалыптастыруға бағытталған. Барлығы екі мың буклет таратылды. Сонымен қатар біздің бөлімнің жедел қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп, қала тұрғындарымен түсіндірме әңгімелер жүргізді. Кез-келген адам науқанның қатысушысы бола алады. Біз қырағылық пен жауапкершілікті сезінетін боламыз, егер есірткіні тарату, пайдалану немесе заңсыз тасымалдау кезіндегі қылмыстық әрекеттерді өз көзімізбен көрсек, азаматтық борышымызды көрсетіп, сенім телефондарына хабарласамыз, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру