Алматыда көлік полицейлері тұрғыннан психотроптық есірткі затын тәркіледі
Алматыда көлік полицейлері тұрғыннан психотроптық есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері елімізде өтіп жатқан «Қарасора» және «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шараларының аясында есіркі затын заңсыз сақтады деген күдікпен 31 жастағы күдіктіні ұстады.
2024 жылдың 3 маусымы күні сағат 00:40-та аталған бөлім қызметкерлері Алматы-1 вокзалында И. атты азаматтың қол сөмкесін және оның тұрғын үйін тексеру барысында ірі көлемде есірткі заттары тәркілеп, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша кваликациялануда.
И-дан жауап алу кезінде ол аталған заттарды 2 маусым түнгі сағат 23:00 шамасында Түрксіб ауданының аумағында келе жатып, жерден тауып алғанын айтты. Азамат И-дың есірткіге тәуелді және тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есепте тұратыны және Алматы қаласы тұрғыны екені анықталды.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркеліп, табылған заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, азамат И-ден табылған заттардың психотропты заттар екені анықталды.
ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды.