Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінде синтетикалық есірткі даярлау цехын ұйымдастырғандар құрықталды

Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі үйлердің бірінің бір бөлмелі пәтерінде синтетикалық есірткі өндіретін цех жұмыс істеп тұрған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 жастағы жігіттің пәтер жалдап, әлеуметтік желі арқылы мефедрон жасау бойынша нұсқаулар, арнайы ыдыстар мен прекурсорларды алып, кейін екі жігіт пен екі қызды «кәсібіне» тартқаны белгілі болды.

– Іс-шара барысында ерекше иісті ақ кристалды ұнтағы бар пластикалық банка, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және синтетикалық психотроптық затты өндіру кезінде күдіктілер пайдаланған басқа да керек-жарақтар тәркіленді. Есірткі шығаруға жауапты адам 21 жастағы С.есімді азамат, еш жерде жұмыс істемейтін, алған нұсқаулығы бойынша мефедронның ірі партиясын әзірлеген. Мұны сот-химиялық сараптама растады. Сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Басқа да ұсталғандар еш жерде жұмыс істемейтін 26, 19 және 21 жастағы жастар. Олар да өз кінәсін мойындады.

Полицияда ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын хабарлады.ҚР конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру