Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер Жамбыл облысының тұрғынын гашиштің ірі партиясымен ұстады

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы операция жүргізілді. Нәтижесінде Жамбыл облысынан есірткі сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана – Қарағанды тас жолында Метро сауда орталығының жанында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысқан.

Ұстау барысында жүргізуші мен жолаушы полицияға қарсылық көрсеткен.

Полицейлер автокөліктің салонын тінту кезінде гашиш тапқан. Автокөліктің артқы орындығынан жалпы салмағы 5 келіге жуық есірткі заты бар бес полиэтилен пакет тәркіленді.

Автокөліктің салонында, бұрын аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағаны үшін сотталған, Жамбыл облысының 31 жастағы тұрғыны болған.

Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында полицейлер тұрғын үйді тінту кезінде жалпы салмағы 12 келіден асатын есірткі заты салынған 13 ұқсас пакетті тапты.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 17 келі 258 грамм гашиш болды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Есірткі затын тасымалдауға қатысы бар Жамбыл облысының тұрғыны ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру