Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда күтуші азамат емделушінің ақшасын жымқырған

Алматыда медициналық орталықтардың біріне күтуші болып кірген азамат емделушінің 2 млн теңгесін жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Р.есімді азамат ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Ұсақ-түйекке дейін есептелген, әрбір қадам алдын ала ойластырылған.

Р.есімді азамат медициналық орталықтардың біріне күтуші болып жұмысқа орналасты. Оның үстіне, ол бұл бос орынды жұмыспен қамту агенттігі арқылы тапқан-мыс. Ал “қолайлы” емделуші бірден табылды. Бәрін кейінге қалдырмай, іскер азамат әрекетке кірісті. Жәбірленушінің соңынан ерген “күтуші” науқастың телефонында құпия сөздің жоқтығына көз жеткізіп, қолайлы сәтті пайдаланып, банктік қосымшасын ашып, науқастың шотынан өз есебіне 2 млн теңге көлемінде қаражат аударған.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. 1991 жылы туған Р.есімді азамат өз кінәсін мойындап, қылмысқа қатысы барын растады. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталған адамның жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Істің толық және жан-жақты тергелуін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру