Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер “іскер құрылысшыны” ұстады

Алматыда полицейлер “іскер құрылысшыны” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызбай аудандық Полиция басқармасы 36 жастағы Алматы облысының тумасына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс тергелуде.

– Алғашқы арыз күдікті “жөндеу жұмыстарын жүргіземін” деп уәде еткен жекеменшік балалар үйінің басшысынан түсті. Оған бір жарым миллион теңгеден астам ақы төленген. Қолма-қол ақшаны алғаннан кейін “жұмысшы” жоғалып кеткен. Қаскөй мұнымен тоқтаған жоқ, бірнеше күннен кейін Ақжар шағын ауданындағы базарда, осы қызметі үшін 165 мың теңге алып, әйелге “үйді жөндеуге көмектесемін” деп уәде берген. Жедел іс-шаралар қолданылып, күдікті ұсталды. Қазір ер адам шаһардың кемінде бес тұрғынын алдады деген күдікке ілінген. Оның әрекетінен келген жалпы шығын миллиондаған теңгеге бағаланып отыр. Біреулерге “шатырды жауып беремін”, “бейнебақылау жүргіземін”, “біреулерге іргетасын құйып беремін” деп уәде берген, – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.


Тергеу мерзімінде ұсталғанға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полиция қызметкерлері мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 254-44-61; 8-747-699-70-02.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру