Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қалта ұрысы” іс-шарасы: Алматыда оңай жолмен ақша таппақ болған теміртаулық ұсталды

Алматыда оңай жолмен ақша таппақ болған теміртаулық ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қаласының 32 жастағы тұрғыны смартфон ұрлады деген күдікке ілінді.

Белгілі болғандай, соңғы бір айда ер адам бес ұрлық жасаған. Негізінен ол көшеде, бағдаршамда, жол қиылысында “жұмыс істеген”. Соңғы ұрлықты ол Сәтпаев пен Розыбакиев көшелерінің жаяу жүргіншілер өткелінде жасаған. Күдікті өтіп бара жатқан адамның күртешесінен қымбат ұялы телефонды ұрлап кеткен.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Қалалық бейнебақылау жүйелерінің деректері оның “ісінің” дәлелі болды. Ер адам бөтен біреулердің телефондарын сатып үлгерген. Әрбір факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Жалпы материалдық шығын миллион теңгеден асады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Айтпақшы, ер адам бір айдан астам уақыт бұрын жұмысқа келіп, жалдамалы пәтерде тұрған. Ол бұрын сотталған, бостандыққа шыққан соң түзелу жолына түспеген көрінеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру