Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жолдан жылжып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті

СҚО полицейлері жолдан жылжып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстанда жауған қар жолдағы қозғалысты қиындата түсті. Қар түскен алғашқы күндерде Петропавлдың айналма жолында КамАЗ жүк көлігін тізгіндеген Қызылжар ауданының тұрғыны қиын жағдайға тап болды. Жүк көлігінің дизельдік отыны қатып қалған. Көлікті жылытқан соң, жүргізуші оны оталдырған, алайда жолдан жылжып кеткен жүк көлігін жолдың жүру бөлігіне өздігінен шығара алмаған.

Сағат 09:00 шамасында тұрып қалған жүк көлігін СҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы тауып алады. Тәртіп сақшылары тас жолдан өтіп бара жатқан басқа КамАЗ бен автокранды көмектесу үшін тоқтатты. Олардың көмегімен бірнеше минут ішінде қарда батып қалған жүк көлігін тартып шығарады. Полицейлер сол уақыт аралығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалысты реттеген. Көп ұзамай ауыр жүк көлігі сапарын жалғастырған. Ауыл тұрғыны полицейлердің жедел әрі тиімді көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

– Қысқы жолдарда жүргізушілер түрлі сынақтармен бетпе-бет келеді. Жылдың суық мезгіліндегі қозғалыс барлық автокөлік иелерінен жауапкершілікпен қарауды талап ететінін еске саламыз. Көлік құралының техникалық жағдайына көңіл бөлген, қысқы шиналарға және қатпайтын отынға көшкен жөн. Ауа райын және төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін ескере отырып, ұзақ сапарларды жоспарлаңыз. Өзіңізбен бірге жылы киім, мобильді байланыс құралдарын, кез-келген жағдайда арнайы қызметтерге хабарласу үшін телефон қуатын бірге алған жөн. Абай болып, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаңыздар, — дейді СҚО ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы полиция капитаны Уәлихан Оразалин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру