Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полициядан бой тасаламақшы болған мас жүргізуші ірі жол апатын жасады

Алматыда мас жүргізуші қуғыннан бой тасалап, ірі жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай мен Достық даңғылдарының қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері «Лексус»  автокөлігіне назар аударады.

«Біріншіден, автокөлік жүргізушісінің агрессивті жүрісі көзге түсті – бұл патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Бірақ жүргізуші олардың жағдайға қатысты талаптарына бағынбай, керісінше, рұқсат етілген жылдамдықтан асып, жасырынуға тырысты. Алайда бұл әрекет сәтсіз аяқталды. Нәтижесінде құқық бұзушы  сол бағытта келе жатқан екі көлікпен соқтығысты. Құқық бұзушы ұсталып, көлік құралын айдаудан шеттетілді. Сот-наркологиялық сараптама оның алкогольдік масаң күйде екенін анықтады. Ер адам өзінің уақытын барда алкогольдік ішімдік ішумен өткізгендігі анықталды, – деді Медеу ауданы Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ, 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, апат болған жерден кетіп қалғаны үшін күдіктіге  50 айлық есептік көрсеткіш  көлемінде айыппұл салынды.

Құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ПД-ның мамандандырылған қабылдау орнына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру