Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарды тексерді

Алматыда пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы Наурызбай ауданы – соңғы кезде жаңа шағын аудандармен толығып келе жатқан көлемді аудан. Аудан тұрғындарының саны да жылдан жылға өсіп келеді. Жуырда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Наурызбай аудандық пробация қызметі бөлімінің мамандары Наурызбай аудандық прокуратурасымен және Наурызбай аудандық әкімдігімен бірлесіп пробация кызметінің есебінде тұрған сотталғандарға тексеру жүргізді.

– Наурызбай ауданы бойынша барлығы 270 сотталған пробация бақылауына алынған. Сотталғандар арасында ең жиі кездесетін құқық бұзушылық – белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайында болмау. Соған байланысты пробация қызметінің инспекторлары жиі тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осы жолы прокуратура және әкімдік қызметкерлерімен бірге жүргізілген тексеру барысында 3 сотталған тұрғылықты мекенжайында болмай шықты. Олардың үшеуіне де бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатыны жөнінде ескерту жарияланды. Жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа сотталған 2 адам пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, – дейді Наурызбай аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Тұрсынғазы Тілеубек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру