Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде сотталғанмен ұзақ мерзімді кездесуге жалған неке куәлікпен кірмек болған әйел ұсталды

Өскеменде сотталғанмен ұзақ мерзімді кездесуге жалған неке куәлікпен кірмек болған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

35 жастағы әйелге қатысты тергеуге дейінгі тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, ол түрмеде отырған ер адаммен ұзақ кездесуге кірмек болған.

– Бірнеше күнге созылатын ұзақ мерзімді кездесу заң бойынша тек сотталғанның жақын туыстарына ұсынылады. Осыны білген әйел, қызметкерлерді алдап жалған неке куәлік арқылы кірмекші болған. Алайда айлакер азаматшаның бұл ісі іске аспаған. Өскемен қаласының пенитенциарлық мекемелерінің бірінің қызметкерлеріне неке туралы куәлік ұсынған уақытта, қырағылық танытқан мекеме қызметкерлері құжаттың жалған екенін байқап қойған. Әйелдің өзі бұл дерек бойынша түсініктеме беруден бас тартты, – деді облыс департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Жалған құжат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру